КВИ-мен күресу үшін 1500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №10 қалалық емханада елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен Нұр-Сұлтан қаласының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отырыстың күн тәртібіне коронавирус инфекциясының қайта өршуіне дайындық тұрғысынан МСАК ұйымдары мониторингінің нәтижелері қаралды.Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы мен Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті қызметкерлерінен құралған мониторинг тобы үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап денсаулық сақтау мекемелерін аралауды бастады. Бүгінгі күні барлық 35 БМСК ұйымдары, оның ішінде 16 мемлекеттік және 19 жеке меншік ұйым тексерілді, - деді қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Өз кезегінде Бақтияр Мәкен мониторинг тобы анықтаған БМСК медициналық ұйымдарының кейбір проблемаларына тоқталды.
Мониторинг нәтижелері орасан зор жұмыс жүргізу қажет екенін көрсетеді. Медициналық қызметті уақытылы және сапалы көрсету үшін біздің алдымызға қойылған міндеттерді орындау маңызды, - деп атап өтті спикер.
Бақтияр Мәкен ескертулер негізінен жеке медициналық ұйымдарға қатысты екенін атап өтті.
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов COVID-19 күдікті науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 4 деңгейлі алгоритм құрылғанын айтты. Ол пациенттерді күтім деңгейлері мен ауырлық дәрежелері бойынша тиімді бөлуге арналған. Сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңдегі COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шаралар қабылдауда. Сонымен, біз жеке медициналық мекемелердің, республикалық емханалардың медицина қызметкерлері, медицина университінің студенттері, оқытушылар құрамынан кадрлық резерв құрдық. Бүгінде резервте 1 500 маман бар. КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу бойынша саланың кадрлық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. КВИ-мен ауыратын науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша медициналық ұйымдарды бақылау жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Жедел желі құрылып, КВИ сұрақтары бойынша 24/7 көмек көрсетеді. Халыққа КВИ инфекциясының алдын-алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету тұрақты негізде жүргізілуде, - деді басқарма басшысы.
Тимур Муратовтың айтуынша, елорда ауруханалары өкпені жасанды желдету аппаратымен 98% қамтамасыз етілген. Осылайша, ауруханалардың қызметтері үшін Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған шекті индикатор 370 құрылғы болса, бүгінде 434 құрылғы бар. Сонымен қатар оттегі терапиясымен қамтамасыз ету 45,6%-ды құрайды, мақсатты индикатор - 35%. Сондай-ақ 19 КТ - республикалық клиникалардың, жеке медициналық ұйымдардың және басқа ұйымдардың аппараттары; 27 рентген аппараты, 583 оттегі концентраторы және шамамен 1584 оттегі нүктесі бар.
Біз тұрғындар арасындағы сырқаттанушылықты қалай азайта аламыз? Бірінші кезекте амбулаториялық деңгейде сапалы медициналық көмек көрсетуден бастау керек. Қазіргі уақытта жауапкершіліктің көп бөлігі БМСК ұйымдарына жүктелген. Коронавирустың мүмкін екінші толқынын қарсы алу үшін толық және байыпты дайындықпен қарау керек. Ел Президенті атап өткендей, мемлекет үшін басты міндет - азаматтар мен медициналық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау, - деп түйіндеді Бақтияр Мәкен.