КВИ-ге шалдыққан 6 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 107 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам инфекциядан жазылып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 қарашадағы мәлімет бойынша, 990 адам коронавирус инфекциясынан (–839+ және 151 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 131 пациент стационарда, 859 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 6 адамның жағдайы ауыр,

• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы