21 Тамыз 2022 2022, 12:03
КВИ-ге шалдыққан 38 науқастың жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар жайлы соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
1 тамыздағы мәлімет бойынша, елімізде 21 925 адам коронавирус инфекциясынан (21 601+ және 324 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 917 пациент стационарда, 21 008 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 38 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.