КВИ-ге шалдыққан 21 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК елімізде коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 25 наурыздағы ақпаратты жариялады.
25 наурыздағы мәлімет бойынша 5 377 адам коронавирус инфекциясынан (4 366 КВИ+ және 1 011 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 565 пациент стационарда, 4 812 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ-ге шалдыққандардың арасында: 37 адамның жағдайы ауыр, 21 пациенттің жағдайы өте ауыр, 10 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы