КВИ-ден жазылғаннан кейін ұйқы қалпына келе ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус індетінен жазылғаннан кейін де ұйқының әдеттегі қалпына оралмау қаупі туындауы мүмкін.
Бұл туралы Сеченов университетінің ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Михаил Полуэктов мәлімдеді.
Ғалымның айтуынша, COVID-19-дың басқа аурулардан қарағанда ауқымы кең және адам денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіретіндіктен, біраз психологиялық күйзелісті тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайлар бола қалса, невропатолог дәрігермен кеңесу керектігін, ол тыныштандырғыш дәрі тағайындай алатынын жеткізді.
Өз кезегінде невропатолог-сомнолог дәрігер Елена Царева індеттен жазылғаннан кейін ұйқыны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтануды қалыпқа келтіріп, қосымша құрамында B6, B12 бар минералды дәрумендер кешендерін қосу керек екенін атап өтті. Сондай-ақ қалқанша безінің функцияларын қалпына келтіру үшін мырыш, кальций және йод қажет екенін айтты.