КВИ-дан қайтыс болғандардың 50%-ы артериялық гипертензиямен ауырған – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Махаббат Бекбосынова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚР тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсету» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.
Әлемдік қоғамдастықта тұрақты иммунитеттің бар-жоғы немесе бұл иммунитеттің қысқа мерзімді екендігі туралы талас көп. Бүгінгі таңда бұл мәселеде жалпы үйлесімділік жоқ, ол әлі зерттелуде. Бірақ соңғы шолу мақалаларының бірінде Сovid-19 инфекциясынан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады деген ақпарат болды. Сонымен қатар егер бұрын Сovid-инфекциясы неғұрлым ауыр болса, иммунитет соғұрлым тұрақты болады деген тұжырым болған, алайда, қазір бұл сұрақтың жауабы болашақ беріледі деп ойлаймын, - деді ол.
Махаббат Бекбосынова ауыр коронавирустық пневмонияның асқыну қаупінің ең ауыр факторы - артериялық гипертония екенін айтады.
Артериялық гипертензиясы бар науқастар - бұл өте тез және ауыр пневмония асқынған қауіп тобына кіретін науқастар. Жүрек-қан тамыр патологиясы, артериялық гипертониясы, жүрек жеткіліксіздігі бар барлық қазақстандыққа айтарым, қазірден бастап қауіп тобын анықтап, олардың жағдайын егжей-тегжейлі бақылау үшін тұрғылықты жері бойынша емханаларда міндетті түрде есепке тұру керек, - деді дәрігер.
Ол созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, коронарлық жүрек ауруы бар науқастар коронавирустық пневмонияны немесе инфекцияны мұндай аурулары жоқ науқастарға қарағанда әлдеқайда ауыр өткеретінін айтты.
Егер жүрек-қан тамыр патологиясы бар науқастарда аурудың алғашқы белгілері анықталса, дәрігермен кеңесу өте маңызды. Өз бетінше ем қабылдауға болмайды. Мұндай науқастарда пневмония өте тез дамиды және өте ауыр жүреді. КВИ мен коронавирустық пневмониядан қайтыс болғандардың 50%-да артериялық гипертония болған, - деп атап өтті Бекбосынова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қандастарға арналған танымдық портал таныстырылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы