КВИ белгілері бар пневмонияның 262 жағдайы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 262 жағдайы тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады. 

Оған қоса 46 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 877, 361 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 27 563 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 145 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 74 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 882 науқас жатыр. 1 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 89 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 15 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы