Құзға өрмелеуден Қытайдағы кубоктік кезең өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық спорттық құзға өрмелеу федерациясы (IFSC) қазан айында Қытайға жоспарланған екі кубоктік кезеңнің өтпейтінін мәлімдеді. 

Сямын қаласындағы кубоктік дода 15-17 қазанда, болулдеринг пен жылдамдықтан Вуцзян қаласындағы бәсеке 22-24 қазанда өтуі тиіс болатын. 

Алайда коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу үшін Қытай тарапы аталған турнирді ұйымдастырудан бас тартты. 

Биылғы маусымдағы әлем кубогінің соңғы кезеңі 1-3 қазан күндері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтеді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы