31 Тамыз 2026, 15:18 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Күздің алғашқы күндері: Қай өңірде үсік жүріп, қай жерде жаңбыр жауады?

«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 1-3 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Күздің алғашқы күндері Қазақстанның басым бөлігіне кең солтүстік антициклоны әсер етіп, негізінен жауын-шашынсыз және ашық ауа райы қалыптасады.

Республиканың солтүстік жартысында түнде кей жерлерде үсік жүреді деп күтіледі, ал күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

1-2 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында солтүстік циклоны мен онымен байланысқан атмосферлық фронттардың әсерінен түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр жауып, қар аралас жаңбыр да болуы мүмкін. 

Алматы облысының таулы аудандарында найзағай мен бұршақ аралас қатты жаңбыр күтіледі.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің күшеюі болжанады.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ауа температурасы:

  • Елдің батысында ауа температурасы түнде +10…+18°C, күндіз +25…+30°C-тан +28…+33°C-қа дейін аздап көтеріледі.

  • Маңғыстау облысында негізгі температуралық фон түнде +13…+21°C, күндіз +27…+32°C-тан +30…+35°C-қа дейін аздап жоғарылайды.

  • Солтүстік-батыс пен солтүстікте ауа температурасы түнде 0…+5°C-тан (кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік) +2…+7°C-қа дейін (аймақтың батысында +10°C), топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсікке дейін ауытқиды, күндіз +10…+28°C-тан +20…+33°C-қа дейін көтеріледі.

  • Шығыс пен орталықта ауа температурасы түнде 0…+5°C, аймақтың оңтүстігінде +10°C, кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз +12…+25°C-тан +15…+30°C-қа дейін көтеріледі.

  • Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде де температураның төмендеуі күтіледі: түнде +13…+18°C (таулы аймақтарда +5…+10°C) +10…+15°C-қа дейін (таулы аймақтарда +3…+8°C), күндіз +20…+25°C (таулы аймақтарда +10…+15°C) мен +18…+23°C (таулы аймақтарда +7…+12°C) аралығында аздап ауытқиды.