Күзде ауа райы қандай болады

Жылы және аз жауын-шашынды ауа райы қыркүйектің бірінші онкүндігінде сақталады, содан кейін атмосфералық фронттың жиі өзгеруінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңбыр, екпінді жел соғып, ауа температурасының жиі ауытқуы мүмкін. Ал солтүстік аймақтарда түнде 1-7°C дейін үсік түседі.

Оңтүстік өңірлерде жоғары қысымды аймақтың әсерінен жауын-шашын нормадан аз болуы мүмкін. Алайда ай бойы ауа температурасы түнде + 15 +23°С-тан +3 +10°С-қа дейін, ал күндіз+25 +35°С-тан +15 + 23°С-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қыркүйекте ауа температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1° жоғары болады, батыста, еліміздің қиыр шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда норма шамасында болжануда.

Қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері көп, елдің оңтүстік аймақтарында нормадан аз болады.

Қазан және қарашада күзден қысқа біртіндеп ауысу күтілуде. Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы алдағы жылдармен салыстырғанда әдеттегіден төмен болады. Еліміздің оңтүстік-батысы мен орталығында, жауын-шашын нормадан аз жауады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы