"Күйзеліс кетіп, жайланасың": Қолөнерші қой жүнінің қасиетін айтты

Марияш Алжанова – Қызылорда облысы Сырдария ауданының Айдарлы ауылының қолөнершісі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ол әртүрлі аурулардың көбеюін табиғи өнімнен ажырауымызбен байланыстырды.

1980 жылдан кейін табиғи өнімдерден ажырап қалдық. Өмірімізге жасанды талшықтар келді. Тыныс жолдарының аурулары, аллергиялар, буын-аяқ аурулары, простатит, әйелдер аурулары көбейді, – деді Марияш Алжанова.

Осы орайда қолөнерші қой жүнінінің керемет қасиеттері барын айтты.

Қой жүнінің құрамында йод бар. Мысалы, адамды суықтан қорғайды. Сыртқа жылу өткізбейді, ішке суық кіргізбейтін қасиеттері көп. Қолдан басылған киізді аяқпен басқаныңда бойыңдағы шаршағандық, жаман энергия, күйзеліс кетіп, жайланасың, – деді ол.

Айта кетейік, Марияш Алжанова – “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы “Бір ауыл – бір өнім” жобасының жеңімпазы.

Бізге “Атамекен” кәсіпкерлер палатасынан көп қолдау болды. Қаржылық білімімізді көтердік. Көп жеңілдіктер бар. Мысалы, тауарларымызды жан-жаққа жіберетін болсақ, поштадан жеңілдік бар. Кеше Көшпенділер ойындарына да апару, әкелу, жату, барлық шығындарды көтерді, – деді ол.

Бүгінде қолөнерші Астанаға “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» шағын және орта бизнес форумының аясындағы көрмеге қатысуға келді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы