Күйші Мұсайып Хұсайынұлы өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күйші, сазгер, дирижер, Қазақстан және Моңғолия композиторлар одағының мүшесі Мұсайып Хұсайынұлы өмірден өтті.
Ол Моңғолиядағы қазақтар тарихында алғаш рет опера, балет, симфониялық шығармалар жазып музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер. 100-ден астам авторлық және халық ән-күйлері мен классикалық шығармаларды оркестрге өңдеп түсірген. Дүниежүзі қазақтарының III-V Құрылтай делегаты.
Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Жатқан жері жаннат, иманы жолдас болсын! 30.12.2020 жылы 80 жасында ауырып қайтыс болды, - деп көңіл айтты Ботагөз Уатқан Facebook-те.
Марқұмның жаназасы 2021 жылғы 1 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алмалы ауылында өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы