«Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін». Алматыда алаяқ әйел ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда «күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын» деп тұрғындарды алдаған көріпкел алаяқ ұсталды. Бұл туралы алматы қаласы ПД-ті хабарлады.
Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді. Алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Ж.есімді әйел әлеуметтік желіде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар берген.
Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған «құрбандық шалу» рәсімі үшін «көріпкел» 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.
Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы