"Күйеуі ұрып, тұншықтырған": Алматыда балконнан құлап, көз жұмған келіншекке қатысты тың дерек шықты

Алматы облысындағы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде көз жұмған 21 жастағы келіншекке қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұған дейін Ажар есімді әйелдің 6-қабаттан белгісіз жағдайда құлап, көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз. Марқұмның артында бір жастағы ұлы қалды.

Ажар екі жыл бұрын сыныптасына тұрмысқа шыққан. Алайда көп ұзамай әпкесіне күйеуінің үнемі зорлық-зомбылық көрсететінін, тұншықтыратынын және есірткі қолданатынын айтып шағымданған.

Анасының айтуынша, күйеу баласы анасымен бірге ішімдікке әуес болған. Қайғылы оқиға болған күні үйде Ажардың күйеуі мен енесі де болған. Күйеуі оның балконнан өзі секіріп кеткенін айтқанымен, марқұмның туыстары мен достары бұған күмәнмен қарайды.

Бүгінде күдікті ретінде Ажардың күйеуі қамауда. Ол әйелін үнемі ұрып-соғып, қорлық көрсеткен. Оның бұл әрекетін қыздың құрбылары да, ата-анасы да білген. Желіде оның құрбысының видеосы тарады.

Құрбыңның өз бақытын тауып, тұрмыс құрғанына қуанасың, ал екі жылдан кейін оның қазасында баласын құшақтап қаласың және мұның бәрі жай ғана түс болса екен дейсің, - деп жазды құрбысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы