"Күйеу" сөзін дұрыс жаза алмайтын әйелдер жетеді – Дәулет Мұқаев қазақша қате жазатындарды сынады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев қазақ тілінің грамматикасын жоғалтып жатқанымызды айтып, тіпті мұғалімдер де екі әріптен тұратын сөзді қате жазатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Мәжіліс комитеті "Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту" тақырыбындағы отырыс өткізді. Жиында депутат Мұқаев бірнеше мәселе көтерді. Соның бірі – қазақ тілі грамматикасы.

Қазір тіпті мұғалімдердің арасында "иә" деген екі әріпті "я" деп жазатындары бар. Педагог бола тұра осылай жазады. Оны өзім бір чаттан көрдім. Енді "я" деп жазып отырған мұғалімнің өзі балаларға қандай грамматика үйретеді, - деді депутат.

Ол кейде ай, жыл, күнді жазғанда да арасына дефис қойып қоятындарды байқайтынын айтты. Мысалы, -ші, -шы деп жазып қояды.

Айналып келгенде біз қазақ тілінің қарапайым грамматикасын жоғалтып жатырмыз. Әлеуметтік желіде де миллионнан астам оқырманның көбі, әсіресе әйелдер қауымы қате жазады. Мысалы, "күйеу" сөзін дұрыс жаза алмайтын адамдар жетеді. "Күйеу" сөзіндегі 5 әріпті "кеу" "күюм" деп жазады. Қазақ тілінің грамматикасымен көбірек жұмыс істеуіміз керек, - деді Дәулет Мұқаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы