Кувейттің 16-шы Әмірі қайтыс болды

Кувейттің тақ Мұрагері шейх Машааль аль-Ахмед ас-Сабах осы елдің Әмірі болды. Бұл туралы Кувейт мемлекеттік телеарнасынан мәлім болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған дейін мемлекеттік телеарнаның эфирінде Кувейтттің 16-шы Әмірі шейх Наваф аль-Ахмед аль-Джабер ас-Сабах 86 жасында қайтыс болғанын хабарлады.

Біз Кувейт мемлекетінің Әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз, – деп келтіреді Al Jazeera кеңсе хабарламасын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: aljazeera.com
Өзгелердің жаңалығы