Кувейттің сыртқы істер министрі Астана процесіне жоғары баға берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі елшісі Дәулет Ембердиевтің Кувейт мемлекеті премьер-министрінің орынбасары - сыртқы істер министрі Шейх Әл Халед Аль Хамад Әл Сабахпен кездесуінде белгілі болды.
Сыртқы саясат ведомствосынан хабарлағандай, кездесу барысында Қазақстан елшісі министрге сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды.
Сонымен қатар, сұхбат барысында екі тарап үшін маңызды саяси және экономикалық мәселер мен ортақ мүддеге сәйкес мазмұнды әңгіме қозғалды. Министр Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сириядағы шиеленісті реттеуге арналған Астана процесіне өте жоғары баға беріп, үстіміздегі жылғы тамыз айында өтетін кездесуге үлкен табыс тіледі.
Өз кезегінде, Дәулет Ембердиев Қазақстан Республикасы басшылығы атынан Кувейт мемлекетінің Бірікен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына жоғары баға берді. Әсіресе Кувейттің гуманитарлық мәселелердегі бастамашы рөлі ерекше атап өтілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қырғызстанда "Қобыз күні" белгіленді
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы