Кувейт елшісінің Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Кувейт Мемлекетінің Елшісі Тарек әл-Фараджды қабылдады.
Тілеуберді Кувейт Елшісіне екі ел арасындағы серіктестікті нығайту жолында атқарған қызметі үшін алғысын білдірді. Елшінің 2020 жылдан бері Қазақстандағы дипломатиялық корпустың дуайені ретінде жемісті жұмысы ерекше атап өтілді.
Тараптар соңғы бірнеше жылда екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Кувейт Елшісі Т.әл-Фарадждға Қазақстан Республикасы мен Кувейт Мемлекеті арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін ел аумағында күн райы құбылмалы болады
Өзгелердің жаңалығы