Күтпеген қарсылас. Әлімханұлына 19 нокауты бар "чемпионмен" жекпе-жек ұсынылды

Аустралиялық сарапшы Грантли Киза орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жаңа қарсылас ұсынды, Vesti.kz деп хабарлайды BAQ.KZ сілтеме жасап.

Жәнібекті айқасуға шақырған WBA чемпионы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) аустралиялық Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) жекпе-жек өткізетіні белігілі болды.

Зерафа көптен бері барлық титулды отанында жиюды армандап келеді. Бірінші қадам жасалды. Ларамен чемпиондық айқасқа шығатын болды. Жас әрі болашағы зор жігіттердің уақыты келді. Зерафаның Лараны жеңуге барлық мүмкіндігі бар. Ал келесі қадамы Әлімханұлы мен Лдремалл Чарлоны айқасқа шақырады. Чарломен келіссөз жүргізу ауыр болғандықтан, Әлімханұлымен Аустралияда айқас тамаша болады. Бұл көпшілік назарына түсіп, үлкен гонорар әкеледі. Зерафа жеңсе, үш титул үшін айқасты көретін сияқтымыз, - дейді Киза.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы