Құтқарушылар ШҚО-ның гидрологиялық жағдайын тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмыс тобы әуеден бақылау жасау үшін Казавиақұтқару АҚ-ның Еврокоптер ЕС-145 тікұшағын пайдаланып «Өскемен-Глубокое ауданы», «Шемонаиха ауданы-Өскемен» бағыттары бойынша жүзеге асырылды. Осы учаскелер өңірдегі гидрологиялық жағдайды анықтау мақсатында жүргізілді, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының  ТЖД баспасөз қызметі.

Нәтижесі бойынша мамандар тексерілген аймақтарда қар ери басталғанын анықтады. Өзендердегі мұз еріп, сең жүре бастаған, су мұз беті мен жағалауға шықпаған. Ертіс өзенінде Өскемен су қоймасынан бастап Глубокое ауданындағы Березовка ауылына дейін мұз жоқ, су өзен арнасынан шықпаған. Шүлбі су қоймасының барлық аумағында сең жүре бастаған, - делінген хабарламада.

Департаменттің мәліметінше, өңірдегі су тасқыны жағдайын қадағалау үшін 53 гидробекеті бар қадағалау жүйесі жұмыс істеп тұр. 


Шығыс Қазақстан облысында көпжылғы синоптикалық болжам бойынша облыс өзендеріндегі су тасу әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып маусымның екінші онкүндігіне дейін жалғасады.


 Өзендердегі су деңгейі мен беткейдегі ағыстар ака температурасының күрт көтерілуі немесе жауын жауған кезде көбеюі мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы