Құтқарушылар өртенген көлікті сөндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Семей қаласында жол бойында "Газель" маркалы автокөлік өртенді. 

Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте мотор бөлшектері, аспаптар панелі, салон, доңғалақ қақпақтары, алдыңғы шиналар жанған. Құтқарушылар жалпы ауданы 6 ш.м. өртті сөндірді. Өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдалану себеп болған. 

Жыл басынан бері өңірде 61 автоөрт болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60,5 пайызға өскен. 

ШҚО ТЖД автокөліктегі өрттің алдын алу жолдарын еске салады:

- Техникалық байқаудан уақытында өту.

- Магнитоланы, дабылды, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек мамандандырылған орталықтарда орнату.

- Егер газ жабдықтары болса, оны мезгіл-мезгіл мамандандырылған шеберханадан өткізіп, газ иісі пайда болған жағдайда дереу маманға хабарласу.

- Автомобиль салонында әрқашан жарамдылық мерзімі өтпеген көмірқышқылды өрт сөндіргіш болуы тиіс.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы