Күштік ведомстволар бөлімшелері арасында «Арнайы жасақ ойындары» өткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күштік ведомстволар бөлімшелері арасында «Арнайы күштер ойындары» - Әскери қызметші және арнайы мақсаттағы бөлімшелер қызметкері күні мерекесі қарсаңында өтті.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Шекара қызметінің бастамасымен Алматы қаласында орналасқан Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Ішкі істер министрлігінің және Шекара қызметінің арнайы жасағының мамандарын жиналды.
Біріншілікке қатысушыларға арналған алғашқы сөзді шекара арнайы жасағының бастығы подполковник Руслан Жампейісов алды. Аталған шараның құрметті қонақтары қатысушыларды жыл сайын 9 маусымда атап өтілетін «Арнайы күштер күнімен» құттықтап, жеңіс тіледі.
Шекара академиясының полигонында тартысты дода өтті.
Командалар су тосқауылынан өтіп, өзен арқылы таулы арқан жолымен өтті. Химиялық зақымдану аймақтарында және ойлы-қырлы жерлерді өту кезінде бірнеше секунд үнемдеуге жандарын салды. Шабуыл жасап, қарсыластың темірқұрсаулы техникаларын тоқтатып, басым биіктікті ұстап тұрды. Азимут бойынша қозғалып, ғимараттарды басып алу, ішін тексеру жаттығуларын жасады. Психологиялық және шекаралық кедергілерден өтті. Кроссфит, атыс дайындығы және топты эвакуациялау бойынша нормативтерді тапсырды.
«Арнайы күштер ойындары» бөлімшелердің өзара әрекеттесуін күшейтті. Жарыс барысында тәжірибе алмасу арнайы жасақ жауынгерлерінің дайындық деңгейін көтере түседі.
Жеңімпаздар салтанатты жағдайда кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.