Күшпен әскерге алып кетті. Видеоға қатысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  22 сәуірде полиция қызметкерлері Шымкент қаласында жоспарлы рейдтік шаралар өткізді. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың шақыртуымен келмегендер мен әскерден жалтарғандарды іздестіру жүзеге асырылды. Нәтижесінде шақыру учаскесіне 6 шақырылушы жеткізілді. 

Өткізілген рейдтік шаралардың қорытындысы бойынша ата-аналар немесе әскерге шақырылушылар тарапынан қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға шағымдар түскен жоқ. 

Сонымен бірге мәлімделген мекен-жайда тұрмайтын әскерге шақырылушыларға шақыру қағаздарын беру мәселесі өзекті болып қала береді. Оларды ата-аналары жасырады. Сонымен қатар Шымкент қаласы бойынша шақыру қағазын алған 300-ден астам шақырылушы медициналық комиссиядан өту үшін шақыру учаскелеріне келмеген. Әскерге шақыруда медициналық комиссия мен әскери қызметтен жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын естеріңізге сала кетейік, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы