Күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудың тәсілдерін табуға бағыттау маңызды - Тоқаев
Елордада «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы өтіп жатыр. Форум қатысушыларына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сыртқы істер министрі - Премьер-министрдің орынбасары Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға жолдаған хатын оқып берді.
Форумды өткізу идеясы жетекші халықаралық талдау орталықтарының зиялылары, сарапшылары, академиктерінің үлкен қызығушылығын тудырғаны қуантады. Қазіргі күрделі жаһандық жағдайда сарапшылар қауымдастығымен тікелей және ашық диалог шұғыл қажеттілікке айналып отыр. Бүгінгі таңда әлем бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болды. Біз халықаралық қатынастар жүйесі негіздерінің қауіпті эрозиясының өсіп келе жатқан геостратегиялық шиеленістің және жаһандық экономикалық белгісіздіктің куәсі болып отырмыз, - делінген Тоқаевтың хатында.
Президенттің айтуынша, кең таралған экологиялық теңгерімсіздік пен әлеуметтік теңсіздік драмалық салдарға алып келіп жатыр.
Сенімсіздік, идеялогиялық және ақпараттық соғыстар сияқты жағымсыз тенденциялардың ерекше алаңдаушылығын тудырып отыр. Сондықтан күш-жігерімізді қауіпсіз, әділ әлем құрудың сындарлы идеялары мен тиімді тәсілдерін табуға бағыттау маңызды. Жетекші рөлді саясаттанушылар, экономистер, беделді сараптама орталықтар мен ғылыми зерттеу институттары бұл процесте шешуші рөл атқарады, - деді Президенттің хатын оқыған Мұрат Нұртілеу форумда.
Министр атап өткендей, жоғары білікті мамандар мен сарапшылар өздерінің өңір елдері агенттіктерінің халықаралық ұстанымдарын нығайтуға, сонымен бірге өңіршілдік өзара іс-қимыл мен шығармашылық әріптестікті дамытуға елеулі үлес қоса алады. Бұл аймақтың қазіргі әлемдегі миссиясын түсінуге ұмтыла отырып, ең алдымен қауіпсіздіктің жалпы ішкі мүдделерінен және тұрақты процеске жету жолында жан-жақты ынтымақтастыққа ұмтылуға бастау керек.
Біздің еліміз табысты Орталық Азия, табысты Қазақстанды білдіреді. Менің ойымша, қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Орталық Азия форумы еліміздің тұрақтылығын, ынтымақтастығын және орнықты дамуын нығайту мақсатында өңірлердің зияткерлік капиталын шоғырландыруға өз үлесін қосады, - деп министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың форумға қатысушыларға жолдаған сөзін оқып берді.