Күш қолданып, бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшесі Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қорқытып алу және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қорқытып алу және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұрын сотталғандардан құралған бұл топ 2022-2023 жылдар аралығында Жамбыл облысының кәсіпкерлері мен тұрғындарына күш қолданып, бопсалау, қарызды өндіріп алу және қорғаншылық көрсетумен айналысқан.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі және мүшелері қазіргі таңда әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
2024 жылдың тамыз айында ол Ресей Федерациясының Амур облысында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.
- Зардап шеккендер жоқ: Өскеменде қоғамдық монша өртенді 17.11.2026
- TikTok эфирінде балағат сөз айтқан Семей тұрғыны айыппұл арқалады 17.11.2026
- Қазақстанда электромобильдер саны 43 мыңнан асты 17.11.2026
- Қазақстандық актер Испанияда халықаралық марапатқа ие болды 17.11.2026
- Ауыр атлетикадан ел чемпионатында жаңа жеңімпаз анықталды 17.11.2026
- Шымкентте заңсыз кортеж ұйымдастырған бес жүргізуші жауапқа тартылды 17.11.2026
- 326 компания, триллиондаған теңге: «Самұрық-Қазына» қандай активтерді басқарады? 17.11.2026