Курсанттар танкіден штаттық оқ атуды орындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының төртінші курс курсанттары танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығуларын орындады. Сабақ институттың оқу орталығы базасында өтті.

Мен үшін бұл маңызды  шара болып табылады. Себебі мұндай сабақтардың нәтижесі бойынша жауынгерлік білімді бағалауға болады. Штаттық снарядпен оқ атқан адамды толықтай танкист деп атауға болады деп бекер айтылмайды ғой, – деп өз ойымен төртінші курс курсанты Дәуітбай Заманбек.

Танктен штаттық артиллериялық оқ ату жаттығулары курсанттардың жинаған теориялық білімдерінің сапасын ғана емес, курсанттардың ағымдағы және бітіру емтихандары қарсаңында дайындығының жалпы деңгейін тексеруге мүмкіндік берді. Қойылған міндеттерді барлығы дерлік орындады. Курсанттар штаттық оқ атуды «жақсы» деген бағаға тапсырды.

Штаттық оқ ату барысында курсанттар  мақсатты барлауға кіріспе мен оққа қатысты міндеттерді шешу бойынша өз білімдерін көрсетті. Штаттық атудың нәтижелері курсанттардың қару–жарақ кезінде әрекет етуге, нысана жағдайының әр түрлі нұсқалары бойынша жұмыс істеуге бейімделгенін көрсетеді. Сонымен қатар осындай атыстарды өткізу курсанттар үшін өзіндік психологиялық кемелдену емтиханы болады, – деп түсіндірді әскери институттың ату дайындығы кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Асқар Майлыбаев.

Ату даярлығы Құрлық әскерлері Әскери институты курсанттарының жауынгерлік дайындық пен далалық машықты жетілдірудегі негіз пәндердің бірі болып табылады. Ол әскери қызметшілерді кез келген қашықтықтан жылдам қарқынмен оқты дәл тигізуді үйретеді. Жоғары атыс шеберлігі курсанттардың кәсіби даярлығы мен бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігі кезінде жетілдіріле түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы