9 Сәуір 2024 2024, 09:04
Фото: Қорғаныс министрлігі
Курсанттар 10 тонна гуманитарлық көмекті тиеуге көмектесті
Алматыда әскери жоғары оқу орнының курсанттары 10 тонна гуманитарлық көмекті тиеуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда әскери жоғары оқу орнының курсанттары 10 тонна гуманитарлық көмекті тиеуге көмектесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары азық-түлік және бірінші кезекте қажетті заттарды жіберіп жатқан, қиындыққа бей-жай қарамайтын алматылықтарды қолдады.
Алматы тұрғындары 2,5 тоннадан астам киім, бір тонна тазалық заттарын, 3,5 тоннадан астам азық-түлік және басқа да тұрмыстық заттарды жөнелтуге дайындады.
Елдің зардап шеккендерге көмектесу ниетімен қалай біріккенін көрдік. Гуманитарлық жүктің ағымы үлкен. Бұл біздің игі іске қосқан үлесіміз, – деді 3 курс курсанты Аслан Сейітжан.
Автокөліктерге тиелген 10 тонна гуманитарлық жүк елдің батысына Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына жол тартты.