Құрманғазы ауданында жаңадан іске қосылған құс фермасы 79 тонна ет өндірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ауылдық құс фабрикасы тауық етінің алғашқы партиясын сатты. Бұл туралы Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Бұйырғын»​ өндірістік кооперативіне қарасты​ Құс фермасы заманауи технологиялар арқылы қайта жабдықталды. Ферманың​ ​ жылдық қуаттылығы – 312 тонна. Өткен жылы қайта іске қосылған ферма 79 тонна құс етін өндірді, – деп атап өтті аудан әкімі Қайрат Нұртаев.

40-тан астам жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін ауылдық құс фабрикасы жылына 312 тонна құс етін шығаруды жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы