Құрманбаева: Тұрсын Жұртбай – Алаш ардақтыларының іздеуші-шырақшысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлихан Бөкейхан атындағы заң университетінің ректоры Шырын Құрманбаева «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты.
Қазақ елі үшін ерекше айтулы күн. Алаштың абыз ақсақалы, ғалым, жазушы, ұстаз, Әлихан Бөкейхан университетінің құрметті профессоры Тұрсын Жұртбай ағамыз 70 жасқа келіп жатыр. Абай елі – Семей жері Тұрсын Жұртбай дегенде, Алаш ардақтыларының іздеуші-шырақшысы, Қайым ата Мұхамедханұлының ізбасар шәкірті деп білетін Тұрсын ағамыз жетпістің биігіне шықты, - деді Құрманбаева.Ол оқу ордасы Әлихан Бөкейхан есімін иеленген кезде, Ғылыми кеңестің алғашқы отырысында-ақ Тұрсын Жұртбайға университетің құрметті профессоры атағын бергенін айтты. Бүгін сол атақтың ресми атрибуты – профессор мантиясын иығына жабу мәртебесі тиді.
Ағамыздың мерейлі жасы құтты болсын. Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін. Қазаққа айтары көп ақсақалымыз, берері мол абыз ғалымымыз ғасырдан артық жасасын. Ағамызға қажымас жігер, талмас қанат, шығармашылық шабыт тілейміз. Шәкірттері мен әріптестерінің мерейіне бөленіп, Алаш рухын асқақтатуға одан ары еңбектене беруіне тілектеспін, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда мешітте жарылыс болып, 25 адам опат болды
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы