Күріш алқабы азаяды
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында биыл күріш 1300 гектарға аз егілетін болды. Себебі су тапшы, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мамандар Сырдария өзенінің деңгейі биыл да төмен болады деп болжайды. Алайда өнімділік былтырғыдан кем болмайды деп отыр. Суды көп қажет етпейтін дақылдар көлемін арттыру жоспары бар.
500 гектар жерге бақша дақылдары егіледі. Ал күріштен босаған жерге жаздық, күздік бидай, соя мен қант құмайы себіледі. Алқаптарды суаруға арналған каналдарға заманауи есептеу құрылғылары орнатылып жатыр. Былтыр бұл тәжірибе оң нәтиже берді, - дейді мамандар.
Мақпалкөл ауылында суды үнемдеу технологиясын бастадық, соны өзіміздің шаруашылықтарға тәжірибеге алып келуге биыл да жұмыс жасап жатырмыз. Былтыр біз 70 гектар жерге қант құмайын тәжірибелік мақсатта еккен болсақ, биылғы мақсатымыз - соны 20 гектарға көбейтіп, яғни 90 гектарға ұлғайту. Одан бөлек соя дақылын биыл 64 гектарға орналастыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов.