Құрғақ сандар шынайы жағдайды көрсетпейді. Ахметжанов жемқорлық 34 пайызға азайғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Түрлі деңгейдегі 159 басшы жемқорлықпен әшкереленген. Атап айтқанда, вице-министр, 13 әкім және олардың орынбасарлары, 4 сот және 28 облыстық басқарма басшылары. Бюджетке 20 млрд теңгеден астам залал қайтарылды. Бірақ бұл құрғақ сандар шынайы жағдайды көрсетпейді. Біз БАҚ-та шыққан материалдарға үнемі мониторинг жасаймыз. Жемқорлық былтырғыға қарағанда азайған деген пікір бар. Шынымен, статистика бойынша жемқорлық көрсеткіші былтырғыға қарағанда 34 пайызға төмендеген, - деді ол.

Ахметжанов оның белгілі бірнеше себебін атады.

Біріншіден, біз биылдан бастап үшбуынды модель бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазір азаматтардың істеріне қатысты барлық шешім прокурордың келісімінсіз заңды күшіне енбейді. Тергеудің алғашқы кезеңінен бастап фильтр бар, - деді Марат Ахметжанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы