"Күресу қиын". Байбазаров санкцияға іліккен қазақстандық компаниялар туралы айтты
Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Ұлыбританияның санкция тізіміне енген қазақстандық компаниялар туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Еске салайық, Қазақстанда тіркелген 6 компания Ұлыбританияның санкция тізіміне кірді. Корольдік компанияларды Украинадағы қақ кезінде Ресей әскери-өнеркәсіптік кешеніне қолдау көрсетті деп күдіктенеді.
Бұған дейін тізімдегі 2 компания америкалық санкцияға іліккен еді. Бәлкім біркүндік, сондай мақсаттар үшін ашылған компаниялар болар...Тексерген кезде олардың бүтіндей бір шаруашылық қызметі жоқ екенін көреміз. Олар ашылады, кейін қандай да келісім-шартқа отырады да жоғалып тынады. Батыстағы санкцияларға жауапты қаржылық қызметтер бұл компанияларды тізіміне қосады. Меніңше, санкцияларды айналып өтуге тырысатын қазақстандық компаниялар емес. Бұл пайда табуды көздейтін әртүрлі компаниялар. Мұнымен күресу қиын, бірақ жалпы алғанда, біз АҚШ пен Еуропаның санкцияларын бақылау органдарымен келіскен шектеулерді сақтаймыз, - деді Байбазаров ЦАРЭС конференцияда.