Күрестен ұлттық құрама олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізеді

Грек-рим, еркін және әйелдер күресі Федерациясы балуандардың Олимпиада қарсаңындағы соңғы жаттығу жиыны қайда өтетінін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Отандық балуандар Париж Олимпиадасының алдындағы соңғы дайындық кезеңін Алматы облысында өткізеді. Бұл Париж ойындарына дайындықтың үшінші кезеңі саналады.

Жаттығу жиыны 21 шілде мен 2 тамыз аралығында ұйымдастырылмақ.

Оқу-жаттығу жиынына Олимпиадаға қатысатын балуандар мен олардың спарринг серіктестері қатысады.

Айта кетелік, жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан жалпы есебі 8 балуан сынға түседі. Олардың төртеуі еркін күрестен бақ сынаса, төртеуі - грек-рим күресінің өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы