Күрестен әйелдер командасы Испанияда төрт медаль жеңіп алды
Испанияның Мадрид қаласында күрес түрлерінен Гран-при турнирі аяқталып, Қазақстан әйелдер құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Мадрид төрінде үш спортшымыз финалға шығып, күмісті қанағат тұтты. Олар - Ирина Казюлина (65 келі), Жәмила Бақбергенова (72 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).
Лаура Алмағанбетова (57 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы