Күрестен әлем чемпионатының жеребесі тартылды

21-27 қазан аралығында Тиранада (Албания) күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаты өтеді. Жарысты грек-рим күресінің балуандары бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін жеребе тартылып, қазақ балуандарының қарсыластары анықталды.

55 келі:

Ербол Камалиев - Максим Ступакевич (Бейтарап спортшы);

60 келі:

Досжан Өтепқалиев - Хасан Мұхаммед Әл-харти (Сауд Арабиясы);

63 келі:

Нұрсұлтан Базарбаев - Арам Варданян (Армения)/Амарильдо Ласка (Албания);

67 келі:

Дін-Мұхамед Қошқар - Адомас Григалюнас (Литва);

72 келі:

Мерей Мәулетқанов - Мұхаммед Әли Гёчмен (Түркия)/Әділхан Нұрланбеков (Қырғызстан);

77 келі:

Темірлан Қаратай - Исмаил Барахоев (Бейтарап атлет);

82 келі:

Альмир Төлебаев - Кун Шанг (Қытай)

87 келі:

Бағлан Қуаныш - Марсель Стекеленбург (Нидерланд)

97 келі:

Бейбіт Қорғанов - Хайк Хлоян (Армения)/Антон Эрих (Германия);

130 келі:

Асылбек Әбдіқалық - Фехри Мұхаммед Айса (Мысыр);

21 қазанда грек-рим күресінен 60, 67, 72, 82 және 97 кг дейінгі салмақтағы іріктеу белдесулері Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Ризабек Айтмұхан да тағы бір мәрте әлем чемпионы атағы үшін бөзкілемге шығуға бекініп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы