«Күрес арқылы – бірлік болады». ҚХП төрағасы жаңа мәтел айтты
ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «бірлік болса – тірлік болады» мәтелін «күрес арқылы – бірлік болады деп өзгертіп айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Бабаларымыздың «Бірлік болса – тірлік болады» деген аманат өсиеті бар. Әрине, баршамызға бірлік керек! Дегенмен, демократия жағдайында Парламент сайлауында плюрализм, яғни пікір алуандығы қажет. Әр партия өзі үшін күреседі. Күрес дегеніміз – диалектиканың бірінші заңы. Тек саяси күреспен ғана бірлікке қол жеткізе аламыз. Сондықтан мен осы мақалды сәл өзгертіп, «күрес арқылы – бірлік болады. Бірлік болса – тірлік болады» деп айтар едім. Жалпы алғанда, бірлік пен береке күрес арқылы келеді. Біз – ұланғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған күрескер, батыр бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан да айтарым – біз табанды күрес жолына түсеміз, біз халық мүддесін жақтаймыз, - деді партия төрағасы Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс ХХІІІ съезінде.
Ертісбаев елімізге олигархиялық капитализм емес, халық капитализмі қажет екенін айтты.
Халық капитализмі дегініміз – Социализм деген ұғым. Социализм идеясы мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір болар еді,- деді партия төрағасы.