Бүгiн 2026, 15:26
Фото: polisia.kz
Курчатовта салынып жатқан дәмхананың қабырғасы құлап, екі адам қаза тапты
Курчатовтағы қайғылы жағдай. Екі адам үйінді астында қалды.
Курчатовта салынып жатқан дәмхананың қабырғасы құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқиға Абай облысының Курчатов қаласында салынып жатқан ғимарат аумағында болған. Үйінділердің астынан екі адамның мәйіті табылды.
Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Балқашта көпқабатты үй құлаған болатын.