Курчатов қаласында ғылыми университет ашылады
Бұл туралы бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласына барған жұмыс сапарында халықпен кездесу кезінде мәлімдеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Өңір басшысы халықты толғандырған сұрақтарға да жауап берді. Атап айтқанда, қала тұрғындары ЖЭО салу, жолдарды абаттандыру және Курчатовқа ғылым қаласы мәртебесін беру мәселелерін қозғады.
Мен жағдайды жақсы білемін. ЖЭО құрылысы жоспарда бар. Жылумен қамту мәселесі өткір тұр, жағдай түсінікті, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Жылусыз біз Сізді қалдырмаймыз. Сондай-ақ, АЭС салу мәселесі де шешілуде. Мен Мемлекет басшысымен кездесуде Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы мәселені көтердім. Сондай-ақ, мұнда университеттің ашылуы күтілуде. Мен қаланың одан да жақсы болғанын қалаймын. Мен өзгерістерді көріп отырмын, көп нәрсе жасалуда. Шын мәнінде, өте жақсы және әдемі қала, жасыл, ғимараттар мен бүкіл инфрақұрылымды қалпына келтіру керек. Біз онымен айналысамыз, - деді облыс әкімі.
Өңір басшысы Курчатов қаласын ғылыми қалаға айналдыру керектігін де тілге тиек етті. Келешекте арнайы ғылыми топ құрылып, университеттің бағдары туралы келіссөз өткізетін болады.