Құны шарықтаған өнімдер арасында өсімдік майы, қант және ұн көш бастап тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде азық-түлік бағасы қымбаттап жатыр. Биыл олардың құны 12%-ға көтерілген. Құны шарықтап кеткен азық-түліктер арасында өсімдік майы, қант және ұн көш бастап тұр.

2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында елде 309,7 млрд теңгенің азық-түлік өнімі өндірілген екен. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 14,1%-ға көп. Азық-түлік өндірісінің шынайы өсімі 3,1%-ды құрады.

Өңірлер бойынша қарастыратын болсақ, Алматы облысы (43,8 млрд теңге) мен Қостанай облысында (38,8 млрд теңге), сонымен қатар Алматыда (34,3 млрд теңге) азық-түлік мөлшері көп өндірілген.

Шығарылған азық-түліктің жартысынан көбі ұн-жарма, сүт және ет өнімдеріне тиесілі.

Бұл ретте қант өндірісі айтарлықтай жоғарылағанын айта кеткен жөн. Яғни елде жылына 34,8 мың тоннаға жететін 4,5 есе көп қант өндірілген.

Бұдан бөлек жылына 55,5% көп шығарылған балық өндірісі (9,7 мың тонна) де дамып келеді. Одан кейін сарымай (51,5%, 3,9 мың тоннаға дейін) мен өсімдік майы (15,1%, 85,3 мың тоннаға дейін) көш бастады.

Дегенмен ұн (5%, 516,5 мың тоннаға дейін) мен ет ( жылына 15,4%, яғни 10,2 мың тоннаға дейін) тәрізді өндірісі төмендеп кеткен өнімдер де бар.


Биыл қаңтар айында мал еті мен құс етіне (93,3%-ға), сүт пен қаймақ өнімдеріне (97,1%-ға), ұнға (99,6%-ға) және күрішке (97,1%) деген сұраныс (ішкі нарықтан бөлек экспортқа да жіберілді) артып, ішкі нарықты қамтуда жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Ал шұжық (59,1%), ірімшік пен сүзбе (55,3%), сондай-ақ қант (52,8%) өндірісі сегментінде отандық өндірушілер сұраныстың жартысынан көбін ғана қамтамасыз ете алды.

Еске салсақ, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті экспортқа шығаруға шектеу қойылуы мүмкін. Хабар24 мәліметінше, бұл өнімдердің баға өсіміне тосқауыл қою үшін жасалып отырған қадам.

Бағаны тұрақтандыру саясатына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» да өз үлесін қоспақ. Атап айтқанда:

1.   құс фабрикаларына арзандылған жемшөп қорын қарастырады;

2.   Отандық ұн тарту өнеркәсібіне бидай бекітілген бағамен беріледі;

3.   Нарықтағы ең төмен бағамен тазартылмаған майдың 2 мың тоннасы ұсынылады.


Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың ақпанында азық-түлік бағасы 11,6%-ға қымбаттаған.


Негізгі азық-түлік өнімдерінің арасында өсімдік майы (жылына бірден 40,6%-ға) мен қанттың (39,1%-ға) бағасы айтарлықтай шарықтап кеткен.

Сонымен қатар ұн (19,6%-ға), ірімшіктің қатты сорттары (12%)мен сарымай (11,8%-ға) бағасының өскені де байқалады.

Жылдық көрсеткіште тек күріш бағасы (0,6%) ғана сәл төмендеген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы