Күнсұлу Закария «Жыл патриоты» номинациясын жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай қазақстандық вакцинаның әзірлеушісі Күнсұлу Закария «Жыл патриоты» номинациясын жеңіп алды.

«Медицина және волонтерлік» бағыты бойынша «Жыл патриоты» номинанттары марапатталды.

Салтанатты жиында осы сала бойынша әріптестерін Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов марапаттады.

Ол ең алдымен QazCovid-in (QazVac) коронавирус инфекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Күнсұлу Закарияны марапаттады.

Сонымен қатар ерікті Абылайхан Әбдіраш Нұр-Сұлтан қаласында пандемия кезінде кәсіби медициналық көмек көрсеткені үшін осы марапатты алды. Сондай-ақ ол халыққа медициналық көмек көрсету үшін «Қазақстанның Медицина Жастары» РҚБ құрған.

Іс-шараға көрнекті мәдениет өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар және т.б. қатысып отыр.

Салтанатты жиында «Ғылым және білім», «Мәдениет және спорт», «Медицина және волонтерлік», «Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы», «Технология және бизнес» және «Ерекше ерлік көрсеткен азаматтар» номинациялары бойынша ерекше көзге түскен азаматтар марапатталып жатыр.

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығымен құттықтаған болатын. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы