Күнсұлу Закария Ресейдің Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамына кірді
Ресей Федерациясы Үкіметінің өкімімен Күнсұлу Закария Ресей Федерациясының Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамына кірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресей үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қол қойған құжатта:
1. "Өкіммен бекітілген Ресейдің Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамында: а) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті комиссиясының құрамына К.Закария (келісім бойынша) енгізілсін" делінген.
Ресей Федерациясының Жоғары аттестаттау комиссиясының құрамы ғылым докторлары, ғылым, техника, білім және мәдениет саласындағы жетекші мамандардан тұрады. Ресейдің Жоғары аттестаттау комиссиясы атақ пен ғылыми дәреже беруге жауапты .
Биыл сәуірде Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалғанын еске сала кетейік.
Күнсұлу Закария - Қазақстандық биолог ғалым. Биоқауіпсіздік мәселелері бойынша Ғылыми-зерттеу институтын бірнеше жыл басқарды. 2022 жылғы тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің бас директоры қызметін атқарды.