Күннің күрт жылынуынан Түркияда жәндіктер көбейіп жатыр
Түркияда ауа температурасының көбеюі жәндіктердің популяциясының көбеюіне алып келуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Анадолу агенттігінің мәліметіне сәйкес, мегаполистерде популяциясы ұлғаю факторына ұласты.
Масалар ыстық ортада жылдам көбейіп, популяциялар ұлғаюда. Түркияда климаттың жаһандық өзгеріске ұшырауы жәндіктер мен өзге экожүйеге айтарлықтай ықпал етеді, - деп атап өтті профессор, доктор Хамит Айберк.
Ғалымның айтуынша, үлкен шаһарлардағы жәндіктер популяциясының көбеюіне климаттың өзгеруі, урбандалу, экологиялық факторлар мен су ресурстарын басқарудағы олқылықтар себеп болуы мүмкін.
Климат неғұрлым жылы болған сайын жәндіктердің кейбір түрі жылдам көбейеді. Жәндіктердің зиянды түрлері ауыл шаруашылығы өнімдеріне зиян келтіріп, жылдам көбейіп, тез таралады. Қыстың жылы болуы да әдетте қыста өліп қалатын жәндіктердің тірі қалуына ықпал етеді. Бұл да зиянды жәндіктердің популяциясының таралуына әсерін тигізеді, - деді ғалым.