10 Қыркүйек 2024 2024, 14:51
Фото: скрин
Күніне 1 млн теңге тапқан. Алматыда "қалта ұрылары" сотталды
Алматыда «қалта ұрылары» ҰҚТ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда «қалта ұрылары» ҰҚТ сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматыда прокурорлар «қалта ұрылары» ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл болды.
Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі, өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көлікте торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталды. Орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңге болған, - делінген хабарламада.
Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.
ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қадағалау органы азаматтарды қырағы болуға және сақтық танытуға шақырады.