Күніне 1 млн: Астанада жезөкшелікпен айналысқан топ әшкереленді

Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов ведомствоның апталық баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, елордада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді.

Қылмыстық топ жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притондарды ұстаумен айналысқан. Жүйелі қылмыстық табыс табу мақсатында күдіктілер астананың элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінен 3 пәтер жалдап, онда олар притондар ұйымдастырғаны анықталды. Қылмыскерлер өз қызметін аса құпия ұстау үшін тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен байланыс орнатып, полиция рейдтері туралы ескерту жасау жайында келісім жасасқан. Рейдтер жүріп жатқан жағдайда олар дереу жалдамалы пәтерлерден кетіп қалады, - деп атап өтті департамент басшысы.

Сонымен қатар клиенттердің пәтерлерге кіруі тек әкімшіге қоңырау шалу арқылы қамтамасыз етілгені белгілі болған.

Интимдік қызмет көрсетуге қажетті қыздар массаж салондарында жұмыс істеу туралы таратылған жарнамалар арқылы тартылды, бірақ сұхбаттасу барысында оларға 50-де 50-ге дейін жұмыс жағдайымен жезөкшелікпен айналысу ұсынылған. Осындай келісім жасалғаннан кейін қыздарға үздіксіз жұмыс істету және тәулік бойы табыс алу мақсатында күндізгі немесе түнгі кесте белгіленген. Ұйымдастырушылар криминалдық бизнестен орта есеппен күн сайын 1 млн теңгеге дейін алып отырған, - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Полиция қызметкерлері ұстау шаралары кезінде интимдік қызмет көрсететін 11 адамды анықтады.

Тінту барысында 20 мың доллар, 156 мың рубль және 720 еуро сомасында ақшалай қаражат тәркіленді. Осы факті бойынша ұйымдасқан топты құру және оған басшылық ету, притон ұстау және жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталды, екеуі қамауда, қалғандарына қатысты «ешқайда кетпеу жөнінде қолхат жазу» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inbusiness.kz
Өзгелердің жаңалығы