Күнде қуатты жарқыл тіркелді: Жерге қалай әсер етуі мүмкін?
Күннің белсенділігі артуда. 28 тамызда Күнде қуаты бойынша ең жоғарғыдан бір саты төмен класты жарқыл болды. Қолданбалы геофизика институтының хабарлауынша, бұл құбылыс 11 минутқа созылып, рентген диапазонында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
РҒА Ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы зертханасы мен Сібір бөлімшесінің ғарыш физикасы институтының деректеріне сәйкес, алдағы уақытта Күн белсенділігінің артуы күтілуде.
28 тамыз күні рентген диапазонында ұзақтығы 11 минутқа созылған М1.1 класты жарқыл тіркелді, – деп хабарлады институтта.
Ірі протуберанцтардың үзілуі және Жерге ықпал етуі мүмкін одан да қуатты жарқылдардың қалыптасуы ықтимал.
Күн жарқылдары рентген сәулелену деңгейіне қарай бес санатқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Әрбір келесі санат қуаттың он есе артуын білдіреді.
Жарқылдар көбіне плазманың серпінімен қатар жүреді. Ал ол Жерге жеткенде магниттік дауылдарға себеп болуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰҚК Шекара қызметі тамызда 4,6 мың заң бұзушыны ұстады
Келесі жаңалық
Шымкентте антитеррористік оқу-жаттығулар өтеді
Өзгелердің жаңалығы