6 Қыркүйек 2026, 10:13
Фото: istockphoto.com
Күнде ірі жарылыс тіркелді
M1.0 класындағы жарқыл 30 минутқа созылған.
Қолданбалы геофизика институтының мамандары Күнде қуаты бойынша екінші ең жоғары класқа жататын жарқылды тіркеді.
ТАСС мәліметінше, 2026 жылғы 5 қыркүйек кешке рентген диапазонында 4520 (S12W68) күн дақтары тобында M1.0 класындағы жарқыл тіркелген. Ол 30 минутқа созылды.
Күн жарқылдары рентген сәулесінің қуатына қарай бес класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Ең төменгі A0.0 класы Жер орбитасындағы бір шаршы метрге 10 нановатт сәулелену қуатына сәйкес келеді.
Келесі класқа өткен сайын сәулелену қуаты 10 есе артады. Күндегі жарқылдар плазманың ғарышқа таралуымен қатар жүруі мүмкін. Мұндай плазма бұлттары Жерге жеткен жағдайда магниттік дауыл тудыруы ықтимал.