Күнбағыс майын сатудан бас тартқаны үшін тергеуге алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күнбағыс майын көтерме сату нарығына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша Ақтөбе облысында өндіруші өнімді қаланың ірі сауда желілеріне тікелей өткізуден бас тартқаны анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Субъект өнімін өзінің дистрибьюторы арқылы сатуына байланысты, сәйкесінше делдал арқылы сатылатын өнімдер халыққа қымбатқа түседі. Бәсекелестікті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауар нарығында нарықтық билікке ие субъектіге мұндай әрекеттерді жасауға, атап айтқанда, тауарды өткізуден негізсіз бас тартуға тыйым салынады - делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті оның әрекеттерінде бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама енгізді, алайда субъект монополияға қарсы органның хабарламасын толық көлемде орындамаған.

Күнбағыс майын өндірушіге қатысты хабарламаның орындалмауына байланысты монополияға қарсы тергеу тағайындалды, оның нәтижелері бойынша бұзушылық фактілері болған жағдайда, монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы