Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер белгілі болды
Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Күнбағыс майы өндірісі бір жылда 62% артты. Негізгі өсім тазартылмаған май сегментіне тиесілі.
Energyprom-ның дерегінше, баға бір жылда 17% өсіп кеткен.
2022 жылғы қаңтар–желтоқсанда күнбағыс майы өндірісі 537,1 мың тонна, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 62,2% артық.
Мұндай айтарлықтай өсім тазартылмаған күнбағыс майы өндірісінің бір жылда 2,1 есе, 376,7 мың тоннаға дейін көбеюі есебінен болып отыр. Тазартылған күнбағыс майының өндірісі бір жылда 8,7% ғана өсіп, 160,4 мың тонна.
2022 жылдың қаңтар–қазан айларының қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар күнбағыс майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) 81,5% қамтамасыз етті. Осы кезеңде өнім көлемі 389,9 мың тоннаға жетіп, 2021 жылғы қаңтар–қазанмен салыстырғанда 47,1% көбейді, импорт та бір жылда 28% өсіп 88,6 мың тонна.
Күнбағыс майының экспорты бірден 2,5 есе өсіп, 187,5 мың тоннаға жетті (ресурстардың 40%-ға жуығы). Бұл ретте ішкі нарықтағы сатылым 12% ғана өсіп, 291,1 мың тонна.
2022 жылдың желтоқсан айының соңында күнбағыс майы бір айда 0,4%, бір жылда 17,1% қымбаттады. 2021 жылдың желтоқсан айында сектордағы бағаның бір айдағы өсімі 0,1%, жылдық өсім 30,1% болған.
Өңірлер бойынша күнбағыс майы бағасының бір жылдық қымбаттауы Солтүстік Қазақстан облысында 10%-дан Қарағанды облысында 25,1%-ға дейін ауытқиды. Бағаның айтарлықтай өсуі сондай-ақ Алматыда (23,4%) және Ұлытау облысында (22,1%) байқалды.
2022 жылғы желтоқсанда күнбағыс майының орташа бөлшек сауда бағасы литріне 910 теңге.
Күнбағыс майы ең қымбат өңірлер Қонаев пен Жезқазған қалалары: тиісінше 1024 және 1003 теңге. Ең арзан қала Семей мен Өскемен: тиісінше 777 және 783 теңге.