Күн, жел, су электр стансасының қайсысын салған тиімді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 2050 жылға қарай Қазақстанда жасыл энергияны қолдану 50 пайызға дейін жетпек. Бұл туралы инженер-энергетик Владимир Краснопивцев айтып берді.

Оның айтуынша, қазір еліміз жасыл энергитиканы енгізбесе әлем қауымдастықтары тарапынан айыппұлға ілінуі мүмкін. Сондықтан елімізде жасыл энергетиканы пайдалану бойынша жоспар құрылып, жұмыстар жүріп жатыр.

2050 жылға қарай Қазақстанда жасыл энергияны қолдану 50 пайызға дейін жетпек, қалған 50 пайызы көмір, мазут және газ арқылы алынатын энергия болады.  Сондықтан күннен энергия алу, жел және су энергия стансалары көптеп салынып жатыр,-дейді ол.

Сөз арасында ол жасыл энергия көздерінің қайсысы тиімді екенін айтып берді.

Мәселен, су, күн және жел электр стансасын салғанда көп қаражат жұмсалады, ал оның өтелуі жағынан су электр стансаы бірінші орында. Яғни, жеті жылдан кейін ол таза табыс әкеле бастайды. Ал, оған қарағанда күннен энергия алатын жабдықтардың өтемі 1,5 есе, яғни 15-20 жылдан соң, жел электр стансалар өтемі  5 есе жоғары. Сондықтан су электр стансасын салған тиімді,-деді энергетик.

Айта кетсек, кеше Алматы облысында «Нұрлы-Шырақ» шағын СЭС-і іске қосылды. Ол Панфилов ауданында Басқұншы ауылының маңында, Қазақстан мен ҚХР Мемлекеттік шекаралары арасындағы бейтарап белдеуде орналасқан. Шағын СЭС-тің қуаты 2 МВт. Қорғас өзені ағынының орташа жылдық көрсеткіштері кезінде су электр стансасы жылына 9,85 млн-дай кВт-сағ электр энергиясын өндіре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы