Күн сайын түсіндіру жұмысын жүргіземіз – СҚО бойынша штаб мүшесі
Республикалық ақпарат штабының брифингінде СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қоғамдық штаб мүшелері өтемақы алу тетігін түсіндіру үшін эвакуация пункттерінде күн сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ жергілікті жерлерде зардап шеккендерге өтемақы алу үшін құжаттар жинауға көмектеседі, - деді ол.
Екінші деңгейдегі банктермен сол жерде шоттар ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қоғамдық штаб мүшелері гуманитарлық көмек жинау пункттерінің жұмысын үйлестіреді, жеткізілген көмекті сұрыптау бойынша өтінімдерді, жинақтауды, есепке алуды қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ эвакуацияланғандардың орналасқан жерлеріне қажетті көмекті жеткізу бойынша жұмыстарды жолға қояды, - деді Мұратова.
Осы бағыттағы қоғамдық штабтар жұмысы ары қарай жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта 90 кездесу өткізіліп, 5500-ден астам адам кеңес алды.